Сүт ақы
Сүт ақы – күйеу жігіт тарапынан қалыңдықтың анасына берілетін 1-2 түйе
Өлі-тірі
Өлі тірі
"Өлі тірі" (дәстүр). Екі жақ келісімі нығайған соң күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп «өлі тірі» яғни кәделі мал жылқы жіберіледі. «Өлі тірі» деген өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл үлкен кәделі әрі маңызы жол жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. «Өлі тірі өткен соң өлген күеу жатпайды» деп бұдан кейін күйеу қалыңдығына «ұрын» баруына жол ашылады.
Киіт
Киіт (дәстур). «Құдалық белгісі-киіт, қоныс белгісі- бейіт» (мақал). Құдалықтың негізгі белгісі – киіт және олардың арасында жүретін, соған лайықталған сый – сияпат, мал, киім, мүлік. Ол құдалар дәрежесіне, дәулетіне байланысты әртүрлі болып келеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, кілем тағы басқа қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар, жүздеген мал (жылқы, түйе,қой)берілген. Жоғарыда айтылған Байсақал құдаларына «өздерің жүз болып келмей елу болып келген екенсіңдер» деп әрқайсысынатүйеден 50, аттан 50, тай тұяқ жамбыдан 50, сиырдан 50, қойдан 50, ешкіден 50, аң терілерінен 50 киіт берген (М.Ж .Көпеев).
Қазіргі кезде «қалың мал» төленбесе де, оның киіт кигізу сияқты дәстүрлері, басқа да жол-жоралғылары жасалып жүр.